Миллиардер Рокфеллерді Нью-Йорктегі отбасылық зиратқа жерлеуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Миллиардер отбасының баспасөз хатшысы Фрейзер Сайтел, Дэвид Рокфеллерді жерлеу рәсімі ашық өтпейтіндігін мәлім етті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
«Әзірге ешқандай арнайы дайындық болған жоқ, бірақ мен бұл отбасылық жерлеу рәсімі болады деп ойлаймын»,-деп хабарлады ол.
Баспасөз хатшысының пікірінше, Дэвид Рокфеллер Нью-Йорк штатындағы Покантико Хилстегі отбасылық зиратта жерленетін ең соңғы жанұя мүшесі болмақ.
Еске сала кетсек, 101 жастағы миллиардер Дэвид Рокфеллер өз үйінде қайтыс болған еді. Оның өліміне созылмалы жүрек сырқатының асқынуы себеп болған.