Миллиардер Уоррен Баффет Қазақстандағы уран банкі құрылысына қаржы салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық танымал миллиардер Уоррен Баффет Қазақстандағы Халықаралық төмен байытылған уран банкі құрылысына 50 млн доллар қаржы салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын, сонымен қатар бірнеше ондаған жыл бойы жаһандық ядролық қаруды таратпаудың моделі ретінде қызмет еткен Қазақстан халқының қайырымдылық жігерін атап өткім келеді. Ядролық қауіпті қысқарту жөніндегі бастаманың кеңесшісі Уоррен Баффеттің жомарттығын да айрықша атаймын. Ол бастамасы ретінде елу миллион доллар берді. Уоррен ядролық қарудың таралу қаупін қысқартуға көмек көрсеткеннен артық инвестиция жоқ дейді. Сонымен қатар донор елдердің де үлесін айрықша атап өтемін»,- деді Төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанатына арналған шарада Ядролық қаруды қысқарту бастамасының тең төрағасы Самуэль Нанн.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоға банктің символдық кілтінтабыс етті.

Соңғы жаңалықтар