Миллиардер Уоррен Баффетт Twitter-де парақшасын ашты

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Американдық миллиардер Уоррен Баффетт Twitter-де өзінің микроблогын ашып, онда алғашқы жазбасын қалдырды.
None
None

«Уоррен үйде», - деп жазды миллиардер алғашқы жазбасында @Warren Buffet парақшасында. Омахада орналасқан Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясының өкілі американдық USA Today газетіне микроблогтың шынында Баффеттікі екенін қуаттады. Миллиардер Twitter-дегі блогын компания акционерлерінің жылдық жиналысына екі күн қалғанда ашып отыр.

Микроблогтағы екінші жазбасында миллиардер Американың әл-ауқатын көтерудегі әйелдердің басты рөлі туралы жаңа эссесін жарияламақ.

Жұма күні таңертең Баффеттің оқырмандарының саны 250 000 адамға жетті. Бұл туралы толығырақ www.Forbes.ru сайтынан оқуға болады.

Уоррен Баффетт әлемнің бай адамдарының тізімінде 4-орында тұр, оның дәулеті 53,5 млрд. долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар