Миллиондаған сириялық елді тастап шыққан

muslim.kz сайтыныңы жазуынша, азаматтық соғыс өрті шарпыған елден бас сауғалап қашқандардың жартысына жуығы - балалар. Олардың көбісі әлі 11-ге толмаған жеткіншектер.
Бірнеше миллиондаған адам үй-жайынан айрылған. «Біз қолдан келгенше көмектесуге тырысып жатырмыз. Алайда, халықаралық гуманитарлық көмекке жарымай отырмыз. Бұл қасіретті қайткен күнде де тоқтату керек», - деді БҰҰ-ның аталмыш басқармасының бастығы Антонио Гутеррес. Сондай-ақ, ол Сириядағы жағдайдың «жарылуға шақ тұрғанын» жеткізді.
Аталған ведомствоның есебінше, босқындар саны 2013 жылдың басынан бері өсе түскені байқалған. Қаңтардың 1-нен бастап 400 мыңдай адам елді тастап шыққан. Бұған қоса, агенттік өкілдері атап айтқандай, олардың көбісі Ливаннан, Иорданиядан, Ирактан және Мысырдан пана тапқан.
Ал кейбіреулері Оңтүстік Африка Республикасы мен Еуропа елдеріне бет алған.
БҰҰ-ның есебінше, қарулы қақтығыс басталған кезден бері елде 70 мыңға жуық бейбіт тұрғын опат болған.