09:31, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Миллиондаған жыл бұрын Арктикада алып құстар жүрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Арктикадағы Элсмир аралында 50 жыл бұрын табылған алып тырнақтың құпиясын шешті, деп хабарлады VistaNews.

Боулдердегі (АҚШ) Колорада университетінің және Қытайлық ғылымдар академиясының ғалымдары қызықты жаңалық ашты: 50 миллион жыл бұрын Арктика аумағында Gastornis түрінің құстары тіршілік еткен. Ол құстардың басының өлшемі жылқынікіндей, ал бойы шамамен 180 сантиметр болған. Сараптама жүргізу арқылы аяқтарының тырнақтары Вайоминг штатынан табылған өзге құс аяқтарының бөлігіне ұқсас екені анықталды. Ғалымдар айтқандай, 53 миллион жыл бұрын Элсмир аралындағы климат қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ауа райы тәрізді болған. Аралда тасбақалар, приматтар, қолтырауындар, сонымен қатар ірі сүтқоректілер тіршілік етті. Gastornis түрі шөпқоректі болғаны айтылады. Ал алып тұмсыз жаңғақтарды жарып, дәнін алуға қажет болған.