04:10, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Миллионер тегін автотұрақ үшін мүгедектер белгісін пайдаланған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Миллионер тегін автотұрақ үшін мүгедектік белгіні өзінің анасының құжатынан көшіріп жасап алған, деп хабарлайды life.ru.

Лондондық миллионер Эррол Липман құны 35 мың еуро тұратын Мерседес көлігін автотұраққа тегін қою үшін мүгедектерге арналған белгінің көшірмесін пайдаланған.
Жылжымайтын мүліктерді сатумен айналысатын 58 жастағы миллионер Эррол Липман өзінің қымбат көлігі үшін автотұрақ шығындарын осылай үнемдемек болған. Ол автокөлігінің шынысына өзінің 86 жастағы мүгедек анасы Доротиге берілген автотұрақ белгісінің фотосын көшірме жасап, жапсырып алған. Айта кетерлігі, бұл түпнұсқа құжаттың пайдалану мерзімі бір жыл бұрын бітіп қалған екен.
The Sun порталының хабарлауынша, Уиллесден соты миллионерді жалған құжат жасағаны үшін айыпты деп тауып, айыппұл салған.