Миллионер Жерорта теңізіндегі аралынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Новозеландиялық магнат Майкл Гарт Жерорта теңізінің Ла Маддалена архипелагында орналасқан Буддели аралынан айырылып қалды. Сот шешімі бойынша, даулы актив Ла Маддаленаның ұлттық саябағына берілуі тиіс.
Бір кездері шағын арал банкротқа ұшыраған миландық компанияның иелігінде болды. 2011 жылы Италия соты оны 4,5 миллион еуроға саудаға қойды, бірақ сатып алушы табылмады. 2013 жылы екінші бәссауда жарияланды. Оны арал үшін 2,9 миллион еуро ұсынған Майкл Гарт жеңіп алған.
Миллионер бұл жерде ашық аспан астындағы мұражайды құрғысы келді. Алайда оның бастамалары аралды мемлекетке қайтарып алуды талап еткен итальяндық саясаткерлер мен экологтардың наразылығына ұшырады.
Ауданы 1,6 мың шаршы шақырымдай Буддели аралын Жерорта теңізінің жауһары деп атайды.