Миллионердің ұлы 245 мың доллар тұратын Ferrari көлігін өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық миллионердің ұлы құны $245 мың құрайтын ескірген Ferrari 458 Italia көлігінің орнына жаңа автомобиль сатып алғысы келіп, сақтандыру төлемін алу үшін көлігін өртеген, деп хабарлады «Газета.Ru» Insurance Business America сілтеме жасап.

Миллионердің ұлы 245 мың доллар тұратын Ferrari көлігін өртеп жіберген

19 жастағы жігітке әкесі ай сайын $10 мың беріп отырған. Алайда ұлы одан жаңа көлік үшін ақша сұрамаған.

Көлікті өртеу үшін екі адамға 15 мың доллардан ақша төлеген. Жас жігіт бавариялық қалашықтағы мекемелердің бірінің алдына көлігін қойып кетеді, бұдан кейін оны жалға алған адамдары өртеген.

Бейнебақылау камералары бұл әрекетке дайындықты түсіріп алған, сонымен қатар полицейлер жігіттің SMS-жазбаларын оқыды.

Енді ол 32 мың доллар айыппұл төлеп, 22 ай сынақ мерзімінен өтуі тиіс.

Студентте тағы 14 автомобилі, соның ішінде Lamborghini қалғаны айтылды.