Милош Земан - Чехияның жаңа президенті
АСТАНА. 27 қаңтар. Чехиядағы президенттік сайлауда мемлекеттің бұрынғы премьер-министрі Милош Земан жеңіске жетті,
деп хабарлайды 24.kz.
Ресми деректерге сүйенсек, Земан 54,8% дауыс жинаған. Бұл барлық 14 мың 904 сайлау бөлімдерінен алынған мәлімет. Оның басты қарсыласы - бірінші вице-премьер, Сыртқы істер министрі Карел Шварценбергке электораттың 45,19%-ы қолдау көрсеткен. Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне келген дауыс берушілер саны 59,11%-ға жетті.
Земан 1944 жылы қыркүйектің 28-і күні Колин қаласында дүниеге келген. 1968 жылы компартия мүшесі болып, 1993 жылы Чехияның социал-демократиялық партиясының төрағасы болып сайланған еді.