Мин әулетінің фарфордан жасалған кесесі Гонконгтағы бәссаудада 36,5 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мин әулеті өмір сүрген XV ғасырда жасалған шағын кесе Гонконгта өткен бәссаудада фарфордан жасалған заттар арасындағы рекордтық бағаға сатылды.

Мин әулетінің фарфордан жасалған кесесі Гонконгтағы бәссаудада 36,5 млн. долларға сатылды

ИТАР-ТАСС Sotheby's аукцион үйінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлағандай, «лот 36,5 млн. долларға сатылған». Сатып алған адамның есімі жарияланған жоқ.

Имперотор Чжу Цзяньшэнюдің (билік еткен жылдары: 1465-1487) шарап ішуге арналған ыдысы гүлдердің аясында қораз, тауық және балапандардың суретімен безендірілген. Біздің заманымызға дейін мұндай кеселердің тек 14-і ғана жеткен. Оның үшеуі жекеменшіктегі коллекцияда, ал қалғандары Тайбэя, Лондон және өзге де қалалардың мұражайларында сақталған.