«Миньондар» мультфильмдері әлемдік прокатта $1 млрд жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Миньондар» мультипликациялық комедиясы әлемдік прокатта $1 млрд жинады. Осылайша ол тарихта мультфильмдер арасындағы кассалық жиын бойынша үшінші орынға тұрақтады, деп жазды The Variety.
None
None

«Миньондарға» дейін $1 млрд көрсеткішінен 22-кинолента ғана асты, олардың екеуі ғана мультипликациялық болған. Олар - 1995 жылғы «Ойыншықтар тарихы» және 2013 жылғы «Суық жүрек».

Universal Studios-та тарихта алғаш рет студияның үш киносы бір жыл ішінде $1 млрд астам жинағанын атап өтті. «Форсаж 7» - $1,5 млрд және «Мир Юрского периода» $1,6 млрд. астам жинаған.

Сонымен қатар, мультфильм 11 ел аумағында ең кассалық лента болып саналады.

Соңғы жаңалықтар