«Міндеттер нақтыланып, межелер белгіленді»- республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 19 сәуір, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***
«Егемен Қазақстан» басылымы бүгінгі санында «Міндеттер нақтыланып, межелер белгіленді» дегентақырыппен мақала жариялады. Онда Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды орындау үшін Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтың алдына екі апта уақыт ішінде әрбір сала үшін экономикалық өсім деңгейін белгілеуді және экономиканың әрбір саласына жауапты министрліктер мен әкімдіктерді анықтауды тапсырды. Ал Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне осы айдың соңына дейін Индустрияландыру картасын нақтылауды жүктеді.

Сондай-ақ аталмыш басылым бетінде «Биотехнология - болашақтың ғылымы» атты мақала басылды. Онда соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алғандығы айтылады. Содан бері көптеген жұмыстар атқырылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға тие бастаған. Осы мәселеге қатысты Ұлттық биотехнологиялар орталығының бастығы Ерлан Раманқұловтың ой-пікірлерін «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санынан білуге болады.

***

«Айқын» басылымы бүгінгі санында «Берел қорғаны қашан ашық аспан астындағы мұражайға айналады?» атты тақырыпта мақала ұсынып отыр. Онда Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы Берел қорғанына қатысты қалыптасқан мәселе жөнінде жазылған. Басылымның хабарлауынша, құндылығы жағынан теңдессіз көне қорғандарды айтпағанның өзінде, бұл жер - қазақты әлемге танытуға лайық, халықаралық туризмге сұранып тұрған аймақ. Табиғаты аса сұлу, қарағайлы қалың орман, шүйгін шөп, асау өзен, денсаулыққа аса шипалы Рахман қайнар бұлақтары бар, марал шаруашылығы дамыған дегендей. Осындай 186 гектар аумақты алып жатқан берекелі жер әлі күнге қоршалмаған күйінде жатыр. Жазда болмаса, ол жаққа қыста жол жабық екені белгілі. Ал қорғандарға апаратын жол нашар, асфальтталмаған. Жету оңай емес. Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санынан кеңірек білуге болады.

Сондай-ақ осы басылым «Қоймадағы жүз келі есірткі қолды болды» деген тақырыппен материал басып, елімізде орын алған келеңсіз оқиға жөнінде жазады. Басылымның мәліметтерінше, 17 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің сенім телефонына белгісіз біреу хабарласып, есірткінің аса ірі партиясы Ресейге жөнелтілгені туралы жеткізген. «Дереу атқа қонған полицейлер есірткі тасымалдаушыны Қарағанды - Омбы тас жолында ұстап, бес қапқа нығыздалған марихуананы тәркілеген екен. Бас Прокуратураның мәліметіне қарағанда, есірткі 31 наурызда жойылуы тиіс болған. Оған дейін есірткі Петропавл ішкі істер департаментіндегі қоймада жатқан.

Егер белгіленген күні есірткіні өртеу арқылы жойған күнде, ешқандай шу шықпас еді. Алайда есірткіні жою процедурасы аяқ астынан тоқтатылып, облыс прокурорының бұйрығы бойынша марихуана салынған бес қап прокуратураға жеткізіледі»,-деп жазады басылым тілшілері. Бұл туралы «Айқынның» бүгінгі санында.

***

«Алаш айнасы» бүгінгі санында «Өскемендегі өнер колледжі өз тілімізге қашан мойын бұрады?» атты мақала жариялады. Өскемендегі халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің шаңырақ көтергеніне биыл 65 жыл толады. «Жарты ғасырдан астам уақыт мұғдарында киелі шаңырақ жас дарынды қас дарынға айыналдыру жолында аянған емес. Дегенмен бір қарағанда, білікті ұстаздар бас қосқан, білімді шәкірт жиылған осы бір өнер ордасында мемлекеттік тілдің ахуалы мүшкіл дегенге сенгің келмейді. Бірақ ақиқаты - осы»,-делінген мақалада.

Сондай-ақ осы басылымға сұхбат берген ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор Меңлібай Мырзахметовтың айтуынша, бұрын құрылыс саласында 27 мамандық дайындалатын. Ауылдық құрылыс, өнеркәсіп құрылысы, азаматтық құрылыс, әуежай, теміржол салу құрылысы - бәрі-бәрі бөлек зерттеліп, жеке дара оқытылатын. Қазір соның барлығын әкелді дағы «құрылыс» деген атаумен бір жүйеге түсірді. Соның салдарынан коммуналдық, су секілді басқа да шаруашылықтардың мамандары жойылып кетті. Ғалымның техника саласындағы ой-пікірлері жөнінде толығырақ білгіңіз келсе, «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Алдағы 20-30 жылда судың бағасы жанар май бағасына теңелуі мүмкін» деген сұхбатты оқыңыз.

***

«Казахстанская правда» басылымы бүгінгі санында «По новому учить и старое не забывать» атты мақала жариялады. Онда «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда көтерілген мәселелер жөнінде жазылған. Аталмыш конференцияны ашқан мәдениет министрлігінің тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров мемлекеттік тілді меңгеруде инновациялық әдістердің маңызды екенін атап көрсетті. Өйткені Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты бірқатар міндеттерді көтеріп, 2017 жылы қазақ тілін меңгерген қазақстандықтар санының 80 пайызға жетуі қажеттігін атап көрсетті. Б.Омаровтың сөзіне қарағанда, мемлекеттік тілді меңгергендердің алдыңғы қатарында мемлекеттік қызметшілер тұруы керек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум