Міндетті медициналық сақтандыруға ауысу ауыртпалықсыз болады - А. Байгенжин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ауысу ауыртпалықсыз болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлттық ғылыми медициналық орталығының директоры Абай Байгенжин мәлім етті.

Міндетті медициналық сақтандыруға ауысу ауыртпалықсыз болады - А. Байгенжин

«Бұл бағыттағы шаралар ауыртпалықсыз болады, бірінші кезекте жұмысшылар мен Қазақстан азаматтары үшін, себебі онда өте төмен пайыздық деңгей қарастырылған. Жұмыс берушілер үшін де бұл тұрғыда салмақ түсірмейтін тәртіп ескерілген. Әрине, мемлекет декреттелген контингентке жуапкершілікпен қарайтын болады.Осы орайда бірінші кезекте балалар, оқушылар, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер қамтылған. Яғни, бұл - мемлекеттің міндеті»,-деді А. Байгенжин.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заң алдағы жылдың қаңтарынан бастап іске қосылады. Сонымен қатар Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылуда.