Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілді - Үкімет қаулысы
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 25 желтоқсанынан, №166
ҚР Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- 1. Қоса беріліп отырған:
- 1) міндетті медициналық-тексеріп қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі;
- 2) Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілсін.
- 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.
Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы құжаттың тізбесі республикалық басылымда жарияланған.