Міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында індетке қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі, сондай-ақ екпелерді жүргізу қағидалары, мерзімдері және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:
Жоспарлы профилактикалық екпелер: «В» вирусты гепатиті; b типті гемофильдік инфекция; дифтерия; көкжөтел; қызылша; қызамық; пневмококк инфекциясы; полиомиелит; сіреспе; туберкулез; эпидемиялық паротит.
Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер: құтырма; іш сүзегі; көктемгі-жазғы кене энцефалиті; оба.
Сонымен қатар, мына инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалалық екпелер жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі: «А» вирусты гепатиті; тұмау; күйдіргі; туляремия.
Айта кетейік, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ауқымында міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері бекітілді. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.