Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің формасы бекітілді
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің формасын бекіту туралы» 2011 жылдың 16 ақпанындағы №73 бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ресми басылымдар.
Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан он күннен кейін күшіне енеді.
Куәлік бланкінің формасы республикалық басылымдарда жарияланды.