Міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері жөніндегі заң актілеріне енгізілген толықтырулар мен өзгертулер ақпанның 20-нан бастап күшіне енді

АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Заңға енгізілген өзгертулер нәтижесінде сақтандыру компаниялары сақтандырушылар қоғамдастығына бір қадам жақындай түсті.
None
None

Бұл жайында бүгін «Көммеск-Өмір» СК АҚ мен сақтандыру омбудсмандарының бірлескен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сақтандыру омбудсманы Виталий Веревкиннің айтуынша, Қазақстанның сақтандыру тәжірибесі даму үстінде, сондықтан да оны реттеу үшін толыққанды жетілдірілген заң актісі керек болған. «ҚР-ның міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң осы жұмыстың нәтижесі болып табылады. Ол ағымдағы жылғы ақпанның 20-нан бастап күшіне енді», дейді ол.

Ең алдымен сақтанушы тараптың, зардап шегушінің құқықтары артып, сақтандыру омбудсманының өкілеті күшейгенін айта кету керек. Енді сақтандырушы да, зардап шегуші де сақтандыру омбудсманына жүгініп, көлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы келісімшарттан туындаған мәселелерді реттеу мүмкіндігіне ие болады.

«Сақтандыру саласын әрі қарай дамыту үшін мәселелерді шешуге қауқары жететін мықты нормативтік база аздық етеді. Сондықтан өзара тәжірибе алмасып, қордаланып қалған мәселелердің шешімін табу үшін Қазақстандағы барлық сақтандыру компанияларының күш біріктіргені дұрыс. Қабылданып отырған жаңа заң осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін», дейді «Көммеск-Өмір» СК АҚ-ның басқарма төрағасы Дмитрий Жеребятьев.

Соңғы жаңалықтар