Minerals.e-qazyna.kz бірыңғай платформасы құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Minerals.e-qazyna.kz бірыңғай платформасы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Канат Шарлапаев
Фото: primeminister.kz

- Жер қойнауын пайдалану және геология салаларын автоматтандыру мақсатында minerals.e-qazyna.kz бірыңғай платформасын құру бойынша халықаралық тәжірибе негізінде жұмыстар жүргізілуде. Бірыңғай платформада инвестордың өтінім беруінен бастап, лицензия алуына дейін цифрландырылған процесс іске асырылады. Осы бағытта Финляндия геопорталының моделі негізге алынды, - деді Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар министр былтыр және биыл өткізілген электронды аукциондардан бюджетке 9 млрд теңге түскенін айтты.

- Инвесторларға перспективалы учаскелерді таңдауды оңтайладыру мақсатында интерактивті карта әзірленіп, 66 мыңнан астам геологиялық есеп дайындалды, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар