Мыңға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды

Заң
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Мемлекеттік айыптаушы — прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 — бабының 1 — бөлігі бойынша сотталды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар
telegram