Министр әрбір қазақстандықты «Денсаулық аптасына» қатысуға шақырды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова әрбір Қазақстан азаматын «Денсаулық аптасына» қатысуға шақырды.
None
None

Бұл жайында ведомство басшысы бүгін министрліктегі селекторлық кеңес барысында айтты.

«Бұл кеңес барысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылаймыз. Бұл жиынға селекторлық режимде 2 мыңнан астам адам қатысады»,-деді министр.

Олардың арасында медициналық қызметкерлер, медициналық оқу орындарының оқытушылары мен студенттері бар.

«Қазақстан Тәуелсіздігі қарсаңында бүгін ұлттық «Денсаулық аптасына» бастау береміз. Бұл шара 12 желтоқсанда аяқталады»,-деді ведомство басшысы. Оның сөзіне қарағанда, аталған апталық барша оқу орындарында өткізіледі. Яғни, осы шара аясындағы денсаулық сабақтары барысында еліміздің жасөспірімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу мәселелері түсіндіріледі.

Соңғы жаңалықтар