Министр: «АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлері арасында Назарбаев әулетінің өкілдері жоқ

Предварительную причину взрыва на шахте Костенко назвали «АрселорМиттал Темиртау»
Фото: Kazinform

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференцияда «АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.

«АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлерінің ішінде Назарбаев әулетінің өкілдері бар ма?», - деп сұрады БАҚ қкілі.

Министрдің сөзінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Жоқ. АрселлорМитталдың» бізге берген мәліметі бойынша, олар бұл кәсіпорынның 100 пайыз меншік иесі болып есептеледі және өз акциялары бойынша ешқандай шектеусіз толық өздігінен шешім қабылдай алады», - деді Қанат Шарлапаев.

Еске салсақ, Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өмірін жалмаған апаттан кейін Вадим Басин «АрселлорМитал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің бас директоры міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. https://kaz.inform.kz/news/vadim-basin-arsellormital-temrtau-ak-komr-departamentnn-basshisi-bolip-tagayindaladi-770dae/

Соңғы жаңалықтар