Министр «Арселор Миттал Теміртау» туралы: Ешкімнен ештеңе тартып алмаймыз

арселор

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Арселор Миттал Теміртаудың» орнына инвестор тарту процесі заң жүзінде қалай іске асатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазақстан халықаралық инвесторлардың құқықтарын құрметтейді және ешкімнен ештеңені тартып алмайды. Бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы бар екенін еске саламыз. Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға осы қағидатты ұстану қажет. Қазақстанда ешкім шетелдік инвестордың меншігін тартып ала алмайды. Біз инвесторлардан мемлекет талаптарын сақтауды талап етеміз. Бірақ ешқандай тәркілеу туралы мәселе жоқ», - деді министр.

Сондай-ақ, ол шетелдік инвестордың орнына басқа инвестор келуі үшін алдыңғысы нақты шешім қабылдауы керек екенін айтады.


«Шетелдік инвестор Қазақстан нарығынан кетеміз деп шешім қабылдаса, өзге инвестормен немесе мемлекетпен сатып алу-сату шартын жасайды. Ал «тартып алу» туралы әңгіме Қазақстанда болмайды деп үміттенем. Бұл инвестициялық климатқа ауыр соққы болар еді. Акционерлер ауысатын болса, ол Азаматтық кодекс аясында жүреді. Біреуден тартып алу туралы әңгімені қою керек шығар. Шарттық, құқықтық қатынастар бар. Шетелдік инвесторлармен соның аясында жұмыс істейміз», - деді министр.

Есімжан Нақтыбай

Соңғы жаңалықтар
telegram