Министр Атамқұлов апаттар кезінде белгі беру құрылғысын тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов апатты жағдайлар кезінде шұғыл шақырту жүйесін әзірлеушілермен кездесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Министр Атамқұлов апаттар кезінде белгі беру құрылғысын тексерді

Ғарыш техникасы және технология институының мамандары министрді ЭВАК жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстырды.
null  

«ЭВАК жүйесі апат кезінде шұғыл әрекет ету қызмет өкілдеріне 20 секундтың ішінде хабар бере алады. Бұл қиын жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуде, әсіресе жедел медициналық көмек қажет болған кезде ерекше маңызды. Оқиға кезінде берілген хабар деректерді өңдеу орталығына түседі. Ол апат орын алған жердің бағытын автоматты түрде анықтап, қандай көліктің жол оқиғасына тап болғандығын білуге мүмкіндік береді», - деді ғарыштық ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі Денис Ерёмин.
null

Хабар орталықтан ЭВАК жүйесінің операторына түседі. Ол нақты уақыт режимінде хабар берген тараппен бірден байланысқа түсіп, ол жерге жедел жәрдем сияқты өзге де қызмет түрлерінің қажет немесе қажет еместігін және болған оқиғадан қанша адам зардап шеккендігін айнықтай алады. Бұдан әрі хабар төтенше жағдайлар қызметіне жіберіледі.

Жүйенің тағы бір артықшылығы - оның Кеден одағына қатысушы елдердің осындай жүйелерімен интеграциялану мүмкіндігі. Бұдан бұрын хабарланғандай, ЭВАК жүйесін енгізу мәселелеріне қазақстандық кәсіпкерлер қызығушылық танытты. Олар «Атамекен» ҰКП-мен бірге Ұлттық ғарыш орталығына барды. Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Атамқұловқа «Электронды білезік» ретінде белгілі бақылауға алынған тұлғалардың электрондық мониторингі жүйесі көрсетілді.
null