Министр Fly Arystan авиакомпаниясы қашан іске қосылатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында төмен бюджетті Fly Arystan ұлттық авиакомпаниясы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Азаматтық авиацияда көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалуда. Мәселен, транзиттік жолаушылар саны 2010 жылы 20 мыңнан 2018 жылы 900 мыңға дейін өсті. 2020 жылы транзиттік авиажолаушылар саны 1,6 млн адамды құрайтын болады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша алғашқы ұлттық төмен бюджетті Fly Arystan авиакомпаниясын іске қосу жоспарланған.

«Алғашқы жылы пайдалануда 1 млн жолаушыға дейін тасымалдау жоспарлануда, бұл «Эйр Астананың» бағасынан 2 есе төмен. Көлік саласын дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» бағдарламасында көрініс табатын болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Fly Arystan» билеттері басқа компаниялардан 2-2,5 есе арзан болатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар