Министр Ильин жолда үсік шалған жолаушылар туралы ақпаратты жоққа шығарды

«Қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы және жауын-шашынның көп түсуінен өңірлер бойынша республикалық жолдардың қозғалысына шектеу енгзілді. Бұл жұмысқа біздің және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Осы орайда «жолда қалған адамдар арасында қайтыс болғандар және үсіп қалған жолаушылар бар» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жолда қалу және кептеліс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, жолда қалғандарға уақытылы көмек көрсетіліп, олар уақытша орналастыру бекеттеріне жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар бар. Бірақ оның жолда қалу жағдайына қатысы жоқ», - деп толықтырды төтенше жағдайлар ведомствосының басшысы.