Министр Қасымбек «цифрлық фабрикалардың» үлгісін әзірлеуге мүдделі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ағымдағы жылда бірнеше кәсіпорында сандық технологияларды кеңінен енгізуді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Қасымбек «цифрлық фабрикалардың» үлгісін әзірлеуге мүдделі

«Биыл арнайы сараптаманың қорытындысы бойынша 7-10 пилоттық кәсіпорын таңдалады. Ол жерде озық сандық технологиялар енгізіледі. Сөйтіп, біз аталған технологиялардың тиімділігін көрсетуді көздейміз. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш кәсіпорындар басқа өндірістер үшін «цифрлық фабрикалардың» үлгісі іспетті болмақ. Пилоттық жобалар бойынша қолға алынатын жұмыстар 2018 жылы да жалғасатын болады», - деді Қасымбек бүгін министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар, сандық технологияны енгізу бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындармен де жұмыс күшейтілмек. Бүгіннің өзінде бірқатар компаниялар жаңа сандық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытып, іске кірісіп те кетті. Бұл жердегі босатылған жұмыс күші мен еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау есебінен сандық технология негізінде жаңғырту жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда министрлік негізгі міндеттерді атқарады.