Министр қай облыстарда балаларға қатысты зорлық-зомбылық жиі болатынын айтты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмысы көбіне Жамбыл, Павлодар, Атырау, Алматы, Қызылорда облыстарында болған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістанда өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елімізде кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс бойынша жазасын өтеген 374 адам ресми тіркелген.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша мұндай қылмыскерлердің жасы – 21-ден 82 жасқа аралығын қамтиды. Сондай-ақ жыл басынан бергі жарты жылдың ішінде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыстың көбі Жамбыл, Павлодар, Атырау, Алматы, Қызылорда облыстарында болған.
«Қазақстандағы бүлдіршіндерге қатыгездікпен жәбір көрсеткендер, ең алдымен өздері танитын, жақын араласатын адамдар екені анықталған. Ол қатарда балалардың өгей әкелері және анасымен бірге тұратын үшінші адам, одан кейін тіпті туыстары мен туған әкелері тұр. Ең соңғы орында – көршілері», - министр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.