Министр Қазақстанда АЭС салуға ниетті елдер туралы: Бәрінің осал тұстарын білеміз
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда алғашқы АЭС салумен айналысатын консорциумның құрамы әлі айқындалмағанын айтты.

- Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе бойынша ведомствоаралық комиссия құрылған. Консорциумның құрамын анықтау мәселесі осы комиссияның өкілетіне кіреді. Қазіргі таңда консорциум құрамы әлі айқындалған жоқ, - деді ол.
Министрдің сөзінше жобаға қатысуға үміткерлердің өтінімдері әлі қаралып бітпеген.
- Біз олардың бәрінің осал тұстарын білеміз. Бүкіл зауыттарды аралап шықтық. Үкімет ведомствоаралық комиссиямен бірге Қазақстан экономикасының мүддесіне сай шешім қабылдайды, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның пайымдауынша, ҚҚС-тың мәні бұрмаланып отыр және бұл бұрынғы жылдары жүргізілген салық реформаларының салдары.