Министр қырыққабат пен сәбіздің қымбаттауы туралы: Жаңа піскен өнім қоймадағыдан қымбатырақ болып жатыр
«Бағаны тұрақтандыру шараларына қарамастан, қырыққабат пен сәбіз қымбаттап кетті. Бұл неге байланысты?» деп сұрады БАҚ өкілі.
АШМ басшысының айтуынша, бұған қоймадағы былтырғы өнімнің біте бастауы себеп болған.
«Маусымда былтырғы жылдың қоры бітеді де, балғын өнімдер әкелінеді. Ерте пісетін көкөністер сәл қымбатырақ болып жатыр. Көкөніс оңтүстік өңірлер мен іргелес мемлекеттерден келіп жатыр. Біз көкніс сақтайтын қоймалардың санын арттыру жоспарын қайта қарап жатырмыз. Былтыр біз 2021-2022 жылдардың жоспарын 110% артығымен орындадық. Биыл да арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сондай-ақ, ведомство басшысы көкөніс қоймасын салуға берілетін субсидия көлемі көбейтілгенін еске алды.
«Көлемі 100 мың тоннадан асатын көкөніс қоймасын саламыз. Біз субсидиялау ережесін өзгертеміз. Бұрын көкөніс қоймасын салуға кеткен шығыннын 25% субидияланса, қазір бұл көрсеткішті 40%-ға дейін жеткіземіз. Егер қоймада тоңазыту қондырғылары, іштегі газды реттеу жүйесі бар болса, 50%-ына дейін субсидияланады», - деді Ербол Қарашөкеев.