Министр Оралов концертмейстерлер мен бишілердің әл-ауқатын көтеруді жоспарлап отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы концертмейстерлер мен би ансамблі әртістерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомство кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық» мәртебе берілген 5 мәдениет ұйымы қызметкерлерінің айлық еңбекақысы 1,75 коэффициентке өсті. Биылғы жылы да сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту назардан тыс қалмайды. Шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, сондай-ақ үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері мен би ансамблі әртістерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр. Осы орайда, заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кетті», - деп мәлім етті министр.

Сонымен қатар алқа отырысында баяндама жасаған Асхат Оралов елімізде 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажет екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар