Министр Павлодар, Қарағандыдағы дала өрті туралы: қазір жағдай тұрақты
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Кеше Павлодар және Қарағанды облысында дала өртіне қатысты соңғы мәліметпен бөлісті.
«6 қазанда Павлодар облысында Баянауыл ұлттық паркінің маңында шөп өрті болды. Министрліктің бүкіл штабы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Павлодар облысында жедел штаб құрылды. Министрліктен сонымен қатар Абай облысы және басқа да өңірлерден қосымша қаражат тартылды. Павлодар облысының 18 тұрғыны көрші ауылдарға көшірілді. Қазіргі уақытта дала өрті толығымен оқшауланды және толық бақылауда», - деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысы алдында.
Одан бөлек, министр Қарағанды облысындағы өртті сөндіруге күш жұмылдырылғанын айтты.
«Сондай-ақ, бүгін түнде Қостанай облысының Ресей Федерациясы тарапында 500 гектарға жуық дала өрті болды. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында тілсіз жау оқшауланды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты», - дейді ол.
Бұған дейін Қарағанды облысындағы дала өртінде мал қырылу дерегі тіркелмегенін жазған едік.