Министр сапасы төмен астықты сатып алуға қатысты түсінік берді
АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруалардан сапасы төмен астықты сатып алуға қатысты пікір айтты.
«Былтыр сапасы төмен астық көп болды. Мемлекет қолдауының арқасында сол астықты сатып алынды. Осы жылы да тиісті бағаны беріп жатырмыз. Яғни бидайдың үшінші санатына бір бөлек, сондай-ақ 4 пен 5 каласс бойынша тиісті баға белгіленді. Бұл астықтың бәрін сатып аламыз», - деді А. Сапаров Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылауға арналған жиыннан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығы министрі Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астықты тікелей сатып алу жоспарына түсінік берді.
Бастапқы бұл бағытта 10 млрд теңгені бөледі.