Министр Шыңғыс Әрінов: Қолыма қару ғана емес, күрек те ұстап көргенмін
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзін күзет саласында ғана жұмыс істегенін айтып, сынап жүргендерге жауап берді.
«Сіз ондаған жылдар бойы мемлекеттік күзет қызметінде істеген екенсіз. Осыны сарапшылар көп талқылап жатыр. Қолыңызда үнемі қару жүрді. Енді күрек ұстап үйренем дегенше, көктемгі тасқындар қаупі келе жатыр. Бұған дейін өмір бойы осы салада істеген министрлердің қолынан келмеген жұмыс сіздің қолыңыздан қалай келеді?» - деп сұрады БАҚ өкілі.
Министр бұл сұрақтың жауабын қысқа қайырды.
«Қарумен қатар күрек те ұстадық, басқа да құралдар ұстадық. Сондықтан ол жағынан тәжірибеміз бар. Ең бастысы – жұмыстың бәрін өз уақытында ұйымдастыру. Қалай дайындалғанымызды іс жүзінде көресіздер. Сын болса, сол кезде айтасыздар», - деді Шыңғыс Әрінов.