Министр желіде автокөліктерді ұтысқа тіккен блогерлерге қатысты түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жақында әлеуметтік желілерді шулатқан, яғни бірнеше автокөлікті ұтысқа қойған блогерлердің ойынына қатысты пікір айтты.

Блогеры Жанабыловы объявили розыгрыш на 10 авто: Минтуризма начало проверку
Фото: instagram.com/zhanabylov_e

- Жеке тұлғадан өтініш түсті. Қазір толық тексеріс жүргізіліп жатыр, іс сотқа жіберілді. Мәселе сотта шешіледі. Басқа да блогерлерге қатысты айтар болсақ, комитет айналысып жатыр. Толық мән-жайды жариялай алмаймын. Ал Е.Жанабыловқа қатысты іс сотқа берілді, - деп қысқа қайырды Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ министр ондаған автокөлікті ойынға тіккен блогерлердің жазасына қатысты барлығы заң аясында шешілетінін мәлім етті.

Еске сала кетсек, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесін және лотереяны реттейтін арнайы комитет жұмыс істейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әрекетін Туризм және спорт министрлігі назарына алды. Енді аталған істі сот қарайды. 

Соңғы жаңалықтар