Министр жұмыртқа бағасы неліктен өзгергенін түсіндірді

баға
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі дүкендерде жұмыртқа бағасы неліктен өскенін түсіндірді. 

«Елімізде жұмыртқа бағасының өсуі байқалды. Яғни, маусымдық өсім болды», - деді Арман Шаққалиев.

Министр өзі басқарып отырған ведомство тауар бағасына мониторинг жүргізіп жатқанын айтты.

«Бұл саладағы өзгерістер үнемі маусымдық сипатта болады. Бұған үйренуіміз керек. Жазда жұмыртқа арзандаса, қыста қымбаттайды, бұған сабырмен қарау керек», - деді А. Шаққалиев.

Ведомство басшысы қазір елімізде 5 млрд 100 миллионға жуық жұмыртқа өндіретін 34 құс фабрикасы бар екенін айтты. Жылына Қазақстан халқы 5 миллиард жұмыртқа сатып алады.

Соңғы жаңалықтар