Министр журналистерге жасалған шабуыл туралы: Түпкі тапсырыс берушілер анықталатынына сенеміз

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамды даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистерге шабуыл жасаған топқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұсталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арандатушымен бірге түпкі тапсырыс берушілер де жақын арада анықталады деп сенеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тергеу барысын жіті назарда ұстайды», - деп жазды министр желідегі парақшасында.

Еске салсақ, ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті. Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген шетел азаматы 2 айға қамауға алынды. Бұған дейін журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталғаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар
telegram