Министрдің бұйрығы қазақ тілінде қатесіз әзірленген - ҚР МСМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ақпарат сайттары мен әлеуметтік желілерде жарияланған ведомствоның қатеге толы бұйрығы туралы түсінік берді.
«Бұйрықтың түпнұсқасында қателіктер жоқ. Яғни, бұйрық қазақ тілінде қатесіз жазылған. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау тәртібіне сәйкес бұйрықты интернет-ресурстарда орналастыру барысында техникалық ақауларға байланысты, қазақ тілінің төл әріптері бұрмаланып кеткен.
Бұйрықтың дұрыс электрондық түпнұсқасы министрліктің сайтында бар», делінген хабарламада.