Министрдің орынбасары Финляндияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Финляндияның ең жоғарғы мемлекеттік марапаттарының бірі - Финляндияның Арыстан Ордені, 1-ші сыныптағы Командирі атағымен марапатталды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрдің орынбасары Финляндияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Аталған сыйлыққа Хельсинкидегі тұрғылықты жері бар Қазақстанның бірінші елшісі (2008-2016 жж.) Ғ. Қойшыбаев екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды.

Финляндия Тәуелсіздігінің 100-жылдығына арналған қабылдауда қазақстандық дипломатты Финляндия елшісі Микко Кивикоски марапаттады.

Өз кезегінде Ғ. Қойшыбаев жоғары бағаға алғыс білдіріп, бұл марапат Қазақстан мен Финляндия арасындағы достық дәнекердің беріктігін білдіретінін атап өтті.