Министрдің ұлы ұшақты жарты жолдан кері қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың көлік министрі Хади әл-Әмиридің ұлы Бейрут-Бағдат бағытындағы ұшаққа кешігіп келіп, өзін тоспай кетіп қалған әуе кемесін жарты жолдан қайтарып алды, деп хабарлайды ria.ru.

Министрдің ұлы ұшақты жарты жолдан кері қайтарды

Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ Ирактың көлік министрінің ұлы Махди әл-Әмири мен оның досын күтіп, межеленген уақыттан 6 минутқа кеш ұшқан.

«Біз қажетті хабарландыруды жасадық. Кейін ұшақ әуеге көтерілгенде, жолаушылардың бірі Ирак министрінің ұлы екенін білдік», - деді таяушығыстық Middle East Airlines әуежелілері агенттігінің басшысы.

Оның айтуынша, министрдің ұлы әуежайға келгенде ашулы болған және ол: «Мен ол ұшақтың Бағдатқа қонуына жол бермеймін», - деп сес көрсеткен.

Ұшақтың әуеге көтерілгеніне 21 минут болғанда, Бағдат әуежайының диспетчері оған қонуға рұқсат бермеген. Сондықтан, ұшақ Бейрутке қайтуға мәжбүр болды. Осы оқиғаға байланысты Ирактың көлік министрі әуекемесінің қайтып келуі аэродромның үстін тазалаумен байланысты екенін әрі ұлының ол ұшақпен ұшпауы керектігін айтты.

«Бұл ақпарат шыңдыққа жанаспайды. Министрдің ұлы бұл ұшақпен қатынамауы керек-тін», - деді Хади әл-Әмиридің өкілі.