Министрдің үйінде интернет сапасы қандай - Бағдат Мусин жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет кулуарында өз үйінде интернет сапасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің үйінде интернет сапасы қандай - Бағдат Мусин жауап берді

«Менің үйімде де интернет тұрақсыз болған. Бірақ кейінгі айда Kcell-дің байланыс сапасы жолға түсе бастады. Сондықтан да қазір Beeline-нан Kcell-ге ауыссам деп ойлап жүрмін», - деген министр үйінің елорданың қай ауданында орналасқанын айтты.

«Бұл Сол жағалауда, EXPO ауданының маңы», - деді ведомство басшысы.