Министрлер кабинеті ӘКК-ларды дамытудың жаңартылған тұжырымдамасын қабылдады
Бұл құжатты ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев таныстырды.
Оның айтуынша, енді ӘКК-лар бизнес бастамаларды қолдауға және өңірдің даму нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыруға бағытталады. Сонымен қатар ӘКК-нің инвестициялық қызметін нығайту мақсатында оған жаңа міндеттерді жүктеу ұсынылды.
Бұл тұрғыда перспективті жобаларды жүзеге асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту, бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту, басымдықты салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ ірі компаниялар айналасында әріптестік бағдарламаларды үйлестіру секілді мәселелер ескеріліп отыр.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде ӘКК-лар бағдарламалар мен мақсат-міндеттердің үлкен тобымен айналысуда және нақты мамандандырылмаған. Бұл өз кезегінде коммерциялық, сондай-ақ коммерциялық емес мақсаттардың араласуына алып келеді.