«Министрлер қайда кетті?» - баспасөзге шолу

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 23 шілде, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

«Министрлер қайда кетті?» - баспасөзге шолу

«Артық қыламын деп, тыртық қылды», деген осындайда айтылса керек. Жақында Бәйдібек ауданында бір сотқа арызданушы мәселесі тез шешудің төте жолын табамын деп басы дауға қалды. Ол істі пайдасына шешу үшін судьяға бара бермей, пара беруді жөн санапты. Тағы мәселесін судьяның зайыбы арқылы шешпек болғанын қайтерсің?! Қай жерде, қандай қызмет атқаратынын алдын ала біліп алып, әйелдің кабинетіне кіріп барған да, аз-кем әңгімеге тартқаннан кейін әй-шайға қарамастан конвертін тастап кеткен көрінеді»,-деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті «Алқабилер арасында да ала-құлалық бар» атты мақалада. Әйел құзырлы органдарға хабарласып, бөлменің есігі мөрленіп, кейінірек тексеру барысында шынында пара ретінде тастап кеткен 50 мың теңге табылған, қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Осы басылымның жазуынша, Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне М. деген азаматтан Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Ж. Өтегеновтің Ақтөбе стансасында сауда орнын ашуға рұқсат бергені үшін өзінен 200 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны туралы шағым түсірді. Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында департамент қызметкерлері Ж. Өтегеновті пара алғанына бұлтартпайтын айғақтармен ұстап, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 311 бабы, 2-бөлімі бойынша пара алғаны үшін іс қозғады. Бұл материал газетте «Парақорды құрықтауға көмектесіп, сыйлық алды» деген тақырыппен берілген.

***

«Сіздің құныңыз қанша? Адам ретінде бағаңыз немен өлшенеді? Адам үшін ең қымбатты не нәрсе? Кез келген адам үшін ең бірінші - оның аты қымбат. Әкесінің аты қымбат. Ата­сының аты қымбат. Тегі қымбат, тұ­қымы қымбат. Аты-жөніңізде қате жоқ болса, сіз өз құныңызды, өз бағаңызды білесіз. Аты-жөніңізде қаптаған қате болса ше? Онда өз құныңызды өзіңіз шыға­рар­сыз. Қазақтың құны қанша деуімізде мән бар. Жақында «Егемен» мен «Казправ­даға» биылғы Бірыңғай ұлттық тестілеу­дiң қоры­тындысы шығады. Мектеп біті­ріп, жоғары оқу орнына түсуші түлектер­дің аты-жө­нін­дегі қатеден аяқ алып жүре ал­майсыз. Қазақта қанша құнсыз қазақ­тың бар еке­нін сол тізімге қарап-ақ жо­балай беруге болады. Аты-жөнді қате жазу жағынан ал­дымызға қара салмай келеміз. Бір қызы­ғы, соған еш қорланбаймыз да, намыс­тан­баймыз да! Қатені түзеткісі келген адам мың есікті ашуына тура келеді. Та­банынан тозады. Шаршайды. Шалдыға­ды. Ақыр соңында бәріне қолын бір сіл­теп, қоя салады»,-деп жазады «Айқын» басылымы «Қазақтың құны қанша?» деген мақалада. Осы күні атына «мягкий знак» қо­сылып жазылмаған қазақтың қызы аз. Гульмира, Гульжан, Гульнар, Гульжанар, Гульжамал, Гульсим деп аты гүлге біткен қыздың бәрі дерлік қате атты көтеріп жүр. Анар - Анара, Манар - Манара, Жанар - Жанара деген орыс тілінің ыңғайымен жа­тып тұратын аттарды есепке алсаңыз, еріксіз тіліңізді тістейсіз.

Осы басылымда «Министрлер қайда кетті?» атты мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. «Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге жаңажылдық және басқа да мемлекеттік мерекелерді шетелде қарсы алуға тыйым салған еді. Елбасымыздың ескертуі қазақстандық саяси элитаның шымбайына қатты батып кеткен тәрізді. Шілде айының алғашқы онкүндігінде БАҚ беттерінде «Елбасымыз қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты» деген ақпарат жарияланған күннен бастап демалыс алып, шетел асып кететін қазақстандық саяси элита биыл еңбек демалысына шығуға асығар емес»,-деп жазады газет. Үкіметтің баспасөз бөлімі министрлердің басым көпшілігі қазір жұмыс орнында екенін айтады. Өткен аптаның аяғында Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Қарағанды облысында жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарымен танысты. Айтпақшы, осы аймақта Елбасымыздың кеңесшісі Гүлшара Әбдіхалықова, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова да Қарағанды облысының шеткері аймақтарында іссапарда жүр деген ақпарат алдық. Тіпті маусымның аяғында еңбек жазғы демалысқа шыққан сенаторлар мен мәжілісмендердің ай­мақ­тардағы кездесулері жайлы ақпараттар басылым беттерінде жиі жарияланып жүр. Мысалы, сенатор Ерлан Нығматуллин өткен аптада твиттердегі жеке парақ­шасында «Әзірге демалыстың ауылы алыс болып тұр. Отбасымды шетелге жібердім. Өзім, қолым қалт етсе, Алакөлге барып қайтатын шығармын» деп жазды. Мә­жілісмендер Розақұл Халмұрадов пен Қамал Бұрханов елдің ортасы ешбір демалыс орнын алмастыра алмайтынын айтты. Мәжілісмен Розақұл Халмұрадов алдағы он күнде республикаға белгілі «Сарыағаш» шипайжайына барып қалуы әбден мүмкін. «Сарыағашта» демаламын» деп жүрген халық қалаулыларының қа­тарында сенатор Қуаныш Айтаханов пен мәжілісмен Майра Айсина да бар.

дорога, развязка, автомобили, жол, көлік, трасса
Ұқсас жаңалықтар

Тағы 1,5 мың шақырым жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіледі