Министрлік Алматыда жарылған Вадим Борейко операторының көлігі туралы: Бүкіл қажетті көмек көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Алматыда оператордың екі бірдей көлігінің өртенуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік Алматыда жарылған Вадим Борейко операторының көлігі туралы: Бүкіл қажетті көмек көрсетіледі

Еске сала кетейік, кеше журналист Вадим Борейко өзімен бірге жұмыс істейтін оператордың екі көлігін белгісіз біреулер жарып жібергенін хабарлаған еді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Алматы қаласының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Тиісті сараптама тағайындалған.

«Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. Министрлік журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді» деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Фото: facebook.com