Министрлік авиакеросинмен қамтамасыз ету жағдайына түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда авиакеросинді өндіру мәселесіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы 300 мың тонна авиакеросин өндірдік. Ал қажетті көлем 630 мың тонна шамасында, яғни қалған отын Ресейден тасымалданды. Біз өткен жылы қажетті көлемді өндіруге дайын болдық, алайда жарты жылдық уақыт отынды сертификаттау шараларына кетті. Бұл рәсімді ИАТА халықаралық агенттігі талап етті. Былтыр осы бағытта жұмыстарды аяқтадық», - деді ол Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында.

Б. Ақшолақовтың айтуынша, биыл жоспар бойынша 694 мың тонна аиакеросин өндірілмек, ал ішкі қажеттілік 630-650 мың тонна деңгейінде қалыптасады деп күтілуде.

«Егер де тұтыну көлемі күрт артса, онда Ресейден 300 мың тоннаға дейін авиакеросин жеткізу мүмкіндігі болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар