Министрлік коронавирусқа қатысты соңғы 3 апта деректерін салыстырмалы түрде ұсынды
Оның сөзіне қарағанда, ПТР сынақ теріс нәтиже көрсеткен, яғни коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша 1-24 тамыз аралығында 22 744 науқас тіркелді. 4 519 науқас жазылып шықты, 258 адам қайтыс болды.
«Соңғы 3 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде жеткізсем, тамыздың 3-9-ы аралығында 7 108 адам коронавирусты жұқтырған. 222 адам қайтыс болды. ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағдай тіркелген. 122 адам көз жұмды. Ал тамыздың 10-16-сы аралығында жағдай біршама өзгерді. Яғни, COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырды. 151 адам қайтыс болды. ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркелді, оның ішінде 64 адам қайтыс болды. Соңғы аптада, тамыздың 17-23-і аралығында COVID-19 індетін 1 685 адам жұқтырды, 108 адам қайтыс болды. 4 138 адамның ПТР тестінен теріс нәтиже анықталып, оның арасында тағы 40 адам көз жұмды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.