Министрлік пен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның ғылыми зерттемелерінің өзара үлкен іс-қимылын қамтамасыз ету керек - К. Мәсімов

СТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның ғылыми зерттемелерінің өзара үлкен іс-қимылын қамтамасыз ету керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астанада аталған холдингтің жобаларымен танысу кезінде айтты.

«Бүгінгі кеңесте «Парасат» холдингісіндегі жағдаймен және атқарылып жатқан бағыттар бойынша таныстым. Жалпы жұмыс бағыты дұрыс, сондай-ақ алға қойылып отырған мақсаттар орындалуда»,-деді Үкімет басшысы.

Осы орайда К. Мәсімов жүзеге асырылатын жобалар барынша қажетті болуын, сонымен бірге ғылыми түрде жан-жақты зерделенген жобаларды іске қосу керектігін айтып өтті.

Осы тұрғыда Премьер-Министр Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа «Парасат» холдингі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өзара үлкен іс-қимылын қамтамасыз етуді жүктеді.

Үкімет басшысы қазіргі кезде Елбасының тапсырмасы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру науқаны жүріп жатқанын айта келе, осыған байланысты аталған министрлік пен ғылыми-технологиялық холдингі қызметін жақындастыра түсу керектігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар