Министрлік станциялар арқылы бөлшек саудаға шығарылатын мұнай өнімдеріне шекті баға белгілемек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігіне жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудаға шығарылатын мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу құзыреті берілмек.

Министрлік станциялар арқылы бөлшек саудаға шығарылатын мұнай өнімдеріне шекті баға белгілемек

Бұл туралы ашық талқыға шығарылған ведомство басшысының бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының заңына және Үкімет қаулысының шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту бөлігіне өзгерістер енгізіледі. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған бағалар айқындалады», - деп жазылған бұйрықтың жаңа редакциясында.

Тоқтала кетейік, қолданыстағы заңнама талаптарында мұндай норма жоқ. Яғни, Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары арқылы саудаланатын мұнай өнімдерінің бөлшек саудағы құны үшін шекті баға бекіте алмайды.

Құжат 28 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.