Министрлік ҰБТ кезінде өрескел әрекетке жол бермеу үшін пункт директорларының жауапкершілігін күшейтті

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1 маусымда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында өткен ҰБТ кезінде мектеп бітіруші түлектерді тестке кіргізу барысында көрсетілген өрескел дөрекілікке қатысты өз ұстанымын хабарлаған болатын. Тіпті, аталған бірегей жағдайға жол берілгендігі өкінішті екені мәлім. Ағымдағы жылдың 7 маусымында Білім және ғылым министрлігіне № 7,15,21,25,40,60,61 және экономикалық лицейді бітірген түлектер атынан 38 ата-анадан Астана қаласы Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлеріне (аты-жөндері көрсетілген) қатысты ұжымдық арыз келіп түскен. Ішкі істер қызметкерлерінің осы іске қаншалықты жауапты екендігін анықтау Білім және ғылым министрлігінің құзіретіне жатпайтындықтан, аталған факті және олардың жауапкершілігі туралы хат Ішкі істер министрлігіне жолданған болатын. Бұл сұрақ ҚР БҒМ құзіретіне мүлдем жатпайды», -делінген онда.
Жалпы алғанда, ҰБТ-ны қатаң түрде өткізу жауапкершілігі - білім беру ұйымдарына жүктелген. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан осы жайтқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Аталған жайтты болдырмау үшін білім жүйесіне жауапты қызметтік тұлғалар қатаң жазаланды, кейбіреулері жұмыстан да босатылды.
«Білім және ғылым министрлігі келешекте ҰБТ кезінде мұндай әрекетке жол бермеу үшін ұлттық бірыңғай тест тапсыру пункт директорларының жауапкершілігін күшейтті», - делінген ведомствоның ресми сайтында.