Министрлік ұжымы Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды шешуге жұмылдырылды - Ә. Исекешев

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұжымы Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды шешуге жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None
«20 күнде министрліктің ұжымы жұмылдырылып, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу аясындағы мәселелерге екпін қойдық. Осы уақыттың ішінде тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шешімнің тетіктері мен алгоритмін даярладық, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, оның ішінде өңірлік билік органдарының, ұлттық компаниялардағы, холдингтердегі лауазым иелерінің жауапкершілігі бойынша бірқатар шараларды қабылдадық», - деді Ә. Исекешев. Сонымен қатар ол ҮИИДБ-ны жүзеге асыру кезеңінде экономикада оңтайлы ілгерілеу болғанын сөз етті.
Соңғы жаңалықтар