13:50, 22 Ақпан 2018 | GMT +5
Министрліктер үйі маңында жұрттың үрейін ұшырған сөмкенің иесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер ІІД жедел басқару орталығының видеобақылау камераларының көмегімен Мәңгілік ел даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында сөмкесін қалдырып кеткен адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«28 жастағы ер адамның айтуынша, ол көлігін автотұраққа қойып келген соң алу үшін сөмкесін жаяу жүргіншілер жолының бойына қалдырған. Видеобақылау камераларының көмегімен жүргізуші Жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 594-бабы («Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту») және 595-бабы («Маневр жасау қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.
Бүгін полиция қызметкерлері күдікті қытай сөмкесінің табылуына байланысты Министрліктер үйін қоршауға алғаны хабарланған болатын.
Сөмкені тексеру үшін оқиға орнына бірден мамандар жолданып, тексеру кезінде аталмыш сөмкенің ішінен күдікті ештеңе табылмаған.